успешная подключение к БД
Бірінші, 7-жобалық қуаты бойынша мектептерді жобалаудың нақты үлгілік тапсырмалары әзірленіп, бекітілді; Екінші, эргономиканың талаптарына сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру кезінде білім алушылар мен педагогтердің қажеттіліктеріне жауап беретін технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың толық тізбесі бекітілді; Үшінші, бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық тораптар, спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылды; Төртінші, қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шаралары арттырылды (ЖБО-ға шығатын цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде бұғаттау), лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету, күзет қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді; Бесінші, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру қарастырылды; Алтыншы, мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талабы енгізілді; Жетінші, оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар, қосымша гардероб қарастырылды. Былтыр қазан айында Министрлік ұлттық жобаға «Атамекен» ұлттық палатасының және салалық қауымдастықтардың ұсыныстары ескерілген отандық өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шараларды енгізді. Оған сәйкес: - Жайлы мектептерге қажетті жиһаз «Самұрық-Қазына» және «Атамекен» тізіліміне енген отандық өндірушілерден ғана сатып алынатын болады; - Мектеп құрылысында оның ішінде сыртқы қасбеттерде жергілікті өндірушілердің өнімд