Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру және оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың психологиялық салауаттылығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

Ата-аналарының қалауымен және рұқсатымен ғана білім алушыларды психологиялық бақылауды және сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау;
Білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету;
Білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік - кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.
Педагог-психологтың негізгі қызметтері: психологиялық білім беру(алдын алу, ағартушылық қызмет), психологиялық консультация, психологиялық диагностика, психологиялық түзету-дамыту, психологиялық жетелеу және әлеуметтік-психологиялық бейімдеу.
Білім беруде мектеп климатын бағалау үшін индикаторларды әзірлеу (өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсету алгоритмін және жұмыс жоспарын дайындау), әдістемелік ұсынымдар даярлау.

Мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығы негізінде құрылды.

2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің жылдық жоспары
файлді жүктеу
План работы психологической службы на 2023-2024 учебный год
скачать файл
БАСҚА РЕСУРСТАР